Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қазарнайыкәсіпорын» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 577 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 6 июля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 6 июля 2007

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қазарнайыкәсіпорын» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 577 Қаулысы

 

«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қазарнайыкәсіпорын» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазарнайыкәсіпорын» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде қорғалған баспа-бланк өнімін дайындауды және ақпаратты өңдеу мен қорғаудың техникалық құралдарының жалпы және арнайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін сертификаттауды анықтай отырып, оның жарғысын бекітсін;

2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берсін;

4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-111-жолмен толықтырылсын:

«123-111 «Қазарнайыкәсіпорын» АҚ»;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 242-2-жолмен толықтырылсын:

«242-2 «Қазарнайыкәсіпорны» АҚ».

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом