«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 маусыдағы № 163-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 139 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ереже бекітілген және келісілген инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бар табиғи монополиялар субъектілеріне белгіленген тәртіппен қолданылады.»;
4-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: