Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 747 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 28 августа 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 28 августа 2007
Дата последнего изменениявторник, 28 августа 2007

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік
мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 747 Қаулысы

 

Кеден органдары қызметін одан әрі реттеу және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай мемлекеттік мекемелер:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Қалжат» кеденін, «Қорғас» кеденін қосу жолымен;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Қордай» кеденін қосу жолымен;

3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Бақты» кеденін, «Майқапшағай» кеденін, «Семей» кеденін қосу жолымен;

4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Ұлытау» кеденін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 541-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

19, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар алынып тасталсын;

2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 204-қосымшада:

7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «Жамбыл облысы «Қордай» кеденінің «Ауқатты», Жамбыл облысы «Қордай кеденінің «Сортөбе» деген сөздер «Жамбыл облысы «Ауқатты», Жамбыл облысы «Сортөбе» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом