Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2007 жылғы 10 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы
ЕРЕЖЕ

(2007.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару қызметi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негiзгi мiндетi қылмыстық жазаны орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қылмыстық жазаны орындайтын органдар мен мекемелерде құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелерi мен органдары, сотталғандарды күзетудi және олардың мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу орындары және кәсiпорындары болады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом