Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 740 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 28 августа 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 740 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 340 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесінде:

мынадай:

«Облыстар, Астана және Алматы қалалары

әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері

аппараттарының басшылары, қалалардың,

аудандардың және қалалардағы аудандардың

әкімдері

облыс әкімі

облыс әкімі

Премьер- Министрмен, Әкімшілік Басшысымен»

деген жол алынып тасталсын;

 

 

 

 

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

мәтіндегі «Кадр жұмысы бөлімі», «Кадр жұмысы бөліміне» және «Кадр жұмысы бөлімімен» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі», «Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөліміне» және «Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Аумақтық органдар бойынша» тарауының тақырыбы және 6-тармақ алынып тасталсын;

Ескертудегі «облыстар әкімдерінің орынбасарларын, қалалармен аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерін, сондай-ақ» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом