Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2007 жылғы 12 қыркүйек) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 12 сентября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 августа 2008

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
(2007 жылғы 12 қыркүйек)

 

ҚР Үкіметінің 2007.12.09 № 796 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

Қабылданды-2008 жылғы 4 шілдедегі № 55-ІV ҚР Заңың қара

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; 2007 жылғы 2 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік салып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 3 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 3 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 9 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 11 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 10 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 15 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы):

1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

"34-1-бап. Көлік құралдары иелерінің әкімшілік жауапкершілігінің ерекшеліктері

1. Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықты сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен приборлары тіркеген жағдайда, егер өзіне тағылған жазаға дауласпаса, осы Кодекстің 462, 463-6 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Егер көлік құралы иесі оған тағылған әкімшілік жазаны дауласа оған әкімшілік жауапкершілікке тартудың жалпы негіздері әрекет етеді.

2. Егер құқық бұзушылық тіркелген сәтте көлік құралы иелігінде болған тұлға анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде ол оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін көлік құралының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Ескерту:

1. Осы Кодекстің баптарында көлік құралдарының иелері болып жеке меншік құқығында көлік құралы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелігіне және пайдалануға берілген адамдар танылады.

2. Сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен приборлары деп метрологиялық тексеруден өткен, құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің техникалық құралдары мен приборларын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және де жылдамдығы мен қозғалыс бағытын анықтайтын фото, бейне аппаратураны түсіну қажет.";

2) 51-баптың үшінші бөлігі "екі жылдан аспауға" деген сөздерден кейін ", жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында алты айдан кем болмауға және бес жылдан аспауға, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін екі жылдан кем болмауға және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыруға дейін болуы" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуді тексеру

Осы Кодекстің 461 (жетінші бөлігінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 466-1 (төртінші және бесінші бөліктерінде) баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы бапта көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) шығарады.";

4) 71-1-баптың бірінші бөлігі "(үшінші бөлігі)" деген сөздерден кейін "және 468-бабында" деген сөздермен толықтырылсын;

5) 461-бапта:

бірінші бөлігінде:

бірінші абзацта "тіркеу белгілері" деген сөздер "тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

екінші бөлігінде:

бірінші абзацта "тіркеу белгілері" деген сөздер "тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі)" деген сөздермен ауыстырылсын, "жоқ" деген сөзден кейін "немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген" деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;";

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Көлік құралына көрінеу жалған (жасанды) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) орнату -

жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

"3-1. Көрінеу жалған (жасанды) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.";

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

бесінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі" деген сөздер "он бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

"7. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

6) мынадай мазмұндағы 461-1-баппен толықтырылсын:

"461-1-бап. Көлік құралын басқару кезінде адамның телефонды не радиостанцияны пайдалануы

1. Көлік құралын басқару кезінде адамның телефонды не радиостанцияны пайдалануы -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Көлік құралын басқару уақытында телефонды не радиостанцияны құлақшын немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.";

7) 462-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

"4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

8) 463-бапта:

тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"463-бап. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау және жол қозғалысы ережелерін басқадай өрескел бұзуы

1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы уақытында немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін құралдарды пайдалану ережелерін бұзу, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

1-1-бөлік алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

"4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

9) мынадай мазмұндағы 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7 және 463-8-баптармен толықтырылсын:

"463-1-бап. Қиылыстардан өту ережелерін бұзу

1. Жүргізушіні тоқтауға мәжбүр еткен көлік кептелісі пайда болған жағдайда көлденең бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіріп, жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жол жүрісі ережелерінің қиылыстан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерінің қозғалу, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 466-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай маневрлар жасау тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа шегіну, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің қозғалыста басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен қозғалу, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігіне орналастыру, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытта қозғалуға арналған жағына шықпай, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынбаған жағдайда, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы қозғалысына арналған жағына шығу, -

алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-4-бап. Көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу

1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші және 466-бабының бірінші бөліктерінде және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тротуарда көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-5-бап. Қозғалыста арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған көлік құралына басымдық бермеу

1. Қозғалыста бір мезгілде көк түсті жарқырауық маяк және арнайы дыбыс сигналы қосылған қозғалыстағы көлік құралына басымдық бермеу, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде көк түсті жарқырауық маяк және арнайы дыбыс сигналы қосылған қозғалыстағы көлік құралына басымдық бермеу, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өтіп кету

1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өтіп кету, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-7-бап. Қозғалыс барысында жаяу адамдарға немесе өзге жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу

1. Қозғалыс барысында басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол қозғалыс ережесінің жаяу адамдарға немесе өзге жол қозғалысына қатысушыларға жол беру талаптарын орындамау, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,  -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-8-бап. Нұсқау жасайтын жол белгілерінің немесе жол бетіндегі белгілердің талаптарын сақтамауы

1. Осы тараудың басқа да баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқау жасайтын жол белгілерінің немесе жол бетіндегі белгілердің талаптарын сақтамауы, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

10) 464-бапта:

тақырыбындағы "құралдарын және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

бірінші бөлікте:

бірінші абзац "құралдарын және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

11) мынадай мазмұндағы 464-1-баппен толықтырылсын:

"464-1-бап. Арнайы жарық немесе дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлік құралына орнату ережелерін бұзу немесе жедел қызметтердің автомобильдеріне арнайы түсті-графикалық схемаларды заңсыз жазу

1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті оты бар жарық құралдарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын аспаптарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимдері Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі лауазымды тұлғалар міндеттерінің талаптарына сәйкес келмейтін жарық құралдарын орнату, -

жеке тұлғаларға көрсетілген құралдар мен аспаптарды тәркілей отырып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - көрсетілген құралдар мен аспаптарды тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - көрсетілген құралдар мен аспаптарды тәркілей отырып, екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Арнайы жарық немесе дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату, -

жеке тұлғаларға көрсетілген құрылғыларды тәркілей отырып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - көрсетілген құрылғыларды тәркілей отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - көрсетілген құрылғыларды тәркілей отырып, екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу, -

жеке тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

12) 465 және 466-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"465-бап. Жол қозғалысына қатысушының жол жүрісі ережелерін авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы

1. Жол қозғалысына қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни өзінен басқа қозғалысқа қатысушыларды қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол қозғалысы ережелерін бұзуы, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

466-бап. Темір жол өткелдерінен өту ережелерін бұзу

1. Темір жол өткелдерінен тыс жерден темір жолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өткел кезекшісінің тыйым салатын белгі берген кезінде темір жол өткелдерінен өту, сол сияқты темір жол өткеліне аялдау немесе тоқтау, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда темір жол өткелдері арқылы өту ережелерін бұзу, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.";

13) мынадай мазмұндағы 466-1-баппен толықтырылсын:

"466-1-бап. Автомагистраль бойынша қозғалу ережелерін бұзу

1. Техникалық сипаттамасы немесе жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына кем дегенде 40 километр болатын көлік құралының автомагистраль бойынша қозғалуы, сол сияқты автомагистральда тұруға арналған арнайы алаңдардан тыс жерде көлік құралын тоқтатып қою, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Рұқсат етілген ең жоғарғы салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобилімен автомагистраль бойынша екінші жолақтан әрі қозғалу, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!