Введите номер документа
Прайс-лист

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 184-ө бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 31 июля 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 ноября 2012

Қазақстан Республикасы Еңбек және

 халықты әлеуметтік қорғау

министрінің міндетін атқарушының

2007 жылғы 31 шілдедегі № 184-ө бұйрығымен

бекітілген

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 184-ө-м бұйрығымен күші жойылды

 

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.

2. Осы Ереже жеке кәсіпкерлерге, жалдану шарты негізінде еңбек міндеттерін тұрақты немесе уақытша атқаратын, қызметі өмір мен денсаулыққа зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) факторлардың әсер етуімен байланысты жеке тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға (бұдан әрі-Жұмыс беруші) қолданылады.

3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті (аса қауіпті) өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;

2) ұжымдық қорғану құралдары - екі және одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

3) санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар - гигиеналық, коммуналдық және тұрмыстық мақсаттарда ортақ пайдаланатын қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау, жуынатын орын, дәретхана және өзге де құрылғылар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом