Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 920 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 9 октября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 декабря 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 920 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға

 

Жақыпов

Ғалымжан Қойшыбайұлы

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы

 

Мұқай

Ерлан Баққожаұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы

 

Сейітов

Марат Жандарбекұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің

әкімшілендіру және ірі салық төлеушілердің мониторингі

басқармасы жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы

 

Сүйесінов

Амантай Кемелұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары

 

мына:

 

«Сейтімбетов

Дәулетияр Сахидоллаұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді кесімдер департаментінің заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының бастығы»

 

деген жолда «департаментінің заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының бастығы» деген сөздер «департаменті директорының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Тілеулесов Биғали Жақсылықұлы, Омарова Бақытжамал Жакенқызы, Ноғаев Нұрлан Асқарұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом