Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 31 қазандағы № 1018 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 31 октября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 31 октября 2007
Дата последнего изменениясреда, 31 октября 2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 31 қазандағы № 1018 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен құқықтық кесімінде айтылатын тізбеге, форматтарға және мерзімдерге сәйкес сыртқы сауда кедендік статистикасының іріктелген көрсеткіштері бойынша деректерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынсын.»;

2) 2-тармақта «сауда министрлігі» деген сөздерден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) есептік төлем балансы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін мерзімдерге сәйкес.»;

3) тармақша алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом