2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы
Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Ташкент қ. , 2003 жыл 5 қыркүйек)
ҚР 2008.07.04 № 23-IV Заңымен ратификацияланды
2014 жылғы 12 сәуірде күшіне енді
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес
Төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
Конвенциясының 10-бабындағы «Бішкек» сөзі «Ташкент (Өзбекстан Республикасы)» сөзіне өзгертіледі.
2-бап
Осы Хаттама күшіне енуіне қажетті Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан олардың мемлекетішілік үдерістерді орындағандары туралы жазбаша түрдегі мәлімдеменің соңғысын депозитарий алған соң 30-шы күні осы Хаттама күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады.
2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкент қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сонымен қатар екі мәтіннің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯ ҮШІН
ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН