Электр энергиясын Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік шекаралары
арқылы электр энергетикасын өткізу кезінде кедендік
рәсімдерді үйлестіру туралы келісім
(Ашхабад қ., 2007 жыл 22 қараша )
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1118 Қаулысымен мақұлданды
Үкіметтер атынан бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
1991 жылғы 17 желтоқсандағы Еуропалық Энергетикалық Хартияның ережелерін және 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға шартты басшылыққа ала отырып,
1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлестіру туралы келісімін, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімді, 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартты және 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы мен қуатының транзиті туралы келісімді назарға ала отырып,
Тараптардың электр энергетикалық жүйелерін басқаруда өзара сенімділік пен ынтымақтастық негізінде электр энергетикасы саласында тең құқылы ынтымақтастыққа әзірлікті білдіре отырып,
Тараптардың электр энергетикалық жүйелері қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық басымдықтарын пайдалану мақсатында,
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мен кеңейтуге жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
мемлекетаралық электр энергиясымен алмасулардың кедендік реттеудің оңайлатылған тәртібін белгілеу қажеттілігін ескере отырып,
тауар ретінде электр энергиясының ерекшеліктерін назарға ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Электр энергиясын Тараптардың электр энергетикалық жүйелері арасында өткізу кезінде үйлестірілген және оңайлатылған кедендік рәсімдерді белгілеу осы Келісімнің мақсаты болып табылады.
2-бап