Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы
24 қыркүйектігі № 237 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі -Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15-наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 81 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 тіркелген) енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықта:
7-тармақта: