Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция (Астана қ., 2006 ж. 6 қарашада)

Информация о документе
Датапонедельник, 6 ноября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 6 ноября 2006
Дата последнего измененияпонедельник, 6 ноября 2006

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен
мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан
жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция
(Астана қ., 2006 ж. 6 қарашада)

 

ҚР 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 361-IV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі, Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

Конвенция қолданылатын тұлғалар

 

Осы Конвенция Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

 

 

2-бап

Конвенция қолданылатын салықтар

 

1. Осы Конвенция Мемлекеттің, оның орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табыс пен мүлікке салынатын салықтарға оларды алу әдістеріне қарамастан қолданылады.

2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ мүлік құнының өсуінен алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, мүліктің жалпы сомасынан немесе табыстың не мүліктің жекелеген элементтерінен алынатын салықтардың барлық түрі табыс пен мүлікке салынатын салықтар деп есептеледі.

3. Осы Конвенцияның күші жүретін қолданыстағы салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасында:

а) корпоративтік табыс салығы;

b) жеке табыс салығы;

с) мүлікке салынатын салық;

(бұдан әрі «Қазақстан салықтары» деп аталатын),

Армения Республикасында:

а) пайдаға салынатын салық;

b) табыс салығы;

с) мүлікке салынатын салық;

(бұдан әрі «Армения салықтары» деп аталатын).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом