Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1161 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
2009 жылғы 10 шілдедегі № 181-ІV ҚР Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бап:
мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы;
2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
3) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
4) бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбесі - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күнтізбелік жылға бекітетін, спорт ұйымдарының жоспарын ұйымдастыру мен оқу-жаттығу жұмысын өткізуді реттейтін ресми құжат;
5) дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;