Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің шарттарын айқындау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1295 Қаулысы (2009.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасреда, 26 декабря 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 1 декабря 2009

«Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің шарттарын айқындау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1295 Қаулысы

(2009.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:

1) кредит мөлшері 12000000000 (он екі миллиард) теңгені құрайды (бұдан әрі - кредит);

2) кредит берудің мақсаты қарыз алушының екінші деңгейдегі банктер берген, қарыз алушының талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуы үшін облигациялар шығару кезінде қорландыру құнын төмендету болып табылады;

3) кредит қарыз алушыға жылдық 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге мерзімдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;

4) игеру кезеңі кредитті қарыз алушының шотына аударған күнінен бастап 2 (екі) жылдан аспайды;

5) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кредит мерзімі аяқталғаннан кейін біржолғы жүзеге асырады;

6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғаш төлеуді кредит беруші кредитті игеру күнінен бастап 12 (он екі) ай өткеннен кейін жүргізеді;

7) республикалық бюджеттен кредит бөлуді кредиттің барлық сомасын қарыз алушының корреспонденттік шотына біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кредит шартын жасасуды;

2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді бақылауды және оның мониторингін қамтамасыз етсін.

3. ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1844 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом