Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті «Кентаукеніштарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 72 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 января 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті «Кентаукеніштарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 72 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті «Кентаукеніштарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің «Кентау СуШар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;

2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом