Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Ұрықтың өліп қалуы және көпіршікті емес (гидатидалық емес) кірме
1. Ұрықтың өліп қалуы және көпіршікті емес (гидатидалық емес) кірме
2. Хаттама коды: H-O-019
3. АХЖ-10 бойынша код: О02.0 Іштегі ұрықтың өліп қалуы, көпіршікті емес кірме
4. Анықтамасы: жоқ
5. Жіктемесі: болған емес [3].
6. Госпитализациялау көрсетімдері: жоспарлы және шұғыл
7. Диагностика критерилері:
7.1 шағымдар мен анамнез: ерекше шағым болмауы да мүмкін. Анамнезде эндокриндік және иммундық жүйенің аурулары, алдыңғы түсіктер және іштегі нәресте жұмыртқасы дамуының ауытқуы болуы мүмкін
7.2 физикалық тексеру: аурударды, әсіресе эндокриндік және аутоиммундық табиғатын анықтау үшін жүргізіледі.
Гинекологиялық тексерулерге іншектік бимануальдық зерттеулер жүргізу кіреді, осында гестация мерзіміне жатыр мөлшерінің сәйкес келмегені аталды.
7.3 лабораторлық зерттеулер:
Қандағы СГ-ні сандық анықтау
Прогестерон деңгейін анықтау
7.4 инструменталдық зерттеулер:
Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
Гистероскопия
7.5 мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: хромосомдық патология табылған кезде - генетик, эндокриндік патологияда - эндокринолог, зооноздық инфекция бар болса - инфекционист
7.6 дифференциалды диагноз:
| Симптомдары | Нозологиялық форма |
| Көпіршікті емес кірме | Көпіршікті емес кірме | Эктопикалық жүктілік | Жатырлық физиологиялық жүктілік |
| Етеккірдің келмей қалуы | + | + | + | + |
| Жыныс мүшесінен қанды сұйықтық ағу | +/- | +/- | +/- | - |
| Қан СГ | Гестация мерзіміне сәйкес келмейді | Шамадан 5-10 рет артық | Гестация мерзіміне сәйкес | Гестация мерзіміне сәйкес |
| Бимануальдық зерттеулер | Жатыр өлшемі гестация мерзімінен кіші | Жатыр өлшемі гестация мерзімінен үлкен | гестация мерзімінен кіші | Гестация мерзіміне сәйкес |
| УДЗ | Ұрықтың жоқтығы | Жатыр қуысы түгел кеуіктік құрлыстың көптеген құрлымына толы | Іштегі нәресте жұмыртқасын жатыр тыс жерден табу | Іштегі нәресте ұрығы бар жұмыртқасы, с/б+, гестация мерзіміне сәйкес |