Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін) «Мезгілінен бұрын босану» (Алматы 2007 ж.)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін) «Мезгілінен бұрын босану» (Алматы 2007 ж.)

Документ входит в комплект(ы):

Нормативно-техническая документация, Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
 
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)

 

Алматы 2007 ж.

 

 

Мезгілінен бұрын босану

 

1. Мезгілінен бұрын босану

2. Хаттама коды: H-O-020

3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): O60 Мезгілінен бұрын босану

4. Анықтамасы: Мезгілінен бұрын босану - жатыр қабырғасынан дұрыс орналасқан плацентаның жартылай және толық бөлінуі, ұрық туылғанға дейін - жүктілік немесе босану кезінде.

Мезгілінен бұрын босану - жүктіліктің  28 - 37 аптасында болған босану,ал бұл кезде нәресте салмағы 1000 нан 2500 г. дейін болады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының анықтауы бойынша (ДДҰ) егер жүктілік 22 апта және одан аса мерзімде тоқтатылса, ал нәресте салмағы 500г және одан асса, және жаңа туған нәресте 7 күн ішінде өмір сүріп кетсе, онда босану мезгілінен бұрын және іштегі нәресте салмағы экстремальды төмен болып саналады.

5. Жіктемесі:

Мезгілінен бұрын босану кезеңдерін айыру: қауіп тудыратын, басталатын, басталған

6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: Мезгілінен бұрын босану симптомдары пайда болған кезде науқасты жедел арада ауруханаға жатқызады.

7. Диагностика критерилері:

Босанудың басталғанын жатыр мойнының ашылуына әкелетін тұрақты толғатулар білдіреді. Жатыр мойны ашылмаған жағдайда тұрақты толғатулар босанудың басталу белгісі болып саналмайды. Әсіресе жатыр мойнының ақырын ашылу кезінде, мезгілінен бұрын босанудың басталуын іште ауыру және қолайсыз сезінулермен білінетін гастроэнтеритпен, дайындалу толғағы және басқа жағдайлармен салыстырған кезде диагностика жасау қиын .

Мезгілінен бұрын босануға тән: қағанақ суының уақытсыз ағып кетуі;босанудың әлсіздігі, дискоординация немесе аса қатты босану; тез немесе шапшаң босану немесе, керісінше босану ұзақтығының созылуы; бала жолдасының бөлінуінен болған қан кету; босанғаннан кейінгі және босанғанан кейінгі ерте кезеңде бала жолдасы бөліктерінің қалып қоюынан болған қан кету, босану кезінде, сол сияқты босанғанан кейінгі кезеңде қабынудан болған асқынулар; іштегі нәресте гипоксиясы.

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!