Введите номер документа
Прайс-лист

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары(педиатриялық саладағы стационарлар үшін) «Балалардың церебралдық параличі (салдануы). Хаттама коды: H-P-005 » (Алматы 2007 ж.)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 28 декабря 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 декабря 2007

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

(педиатриялық саладағы стационарлар үшін)

 

Алматы 2007 ж.

 

 

Балалардың церебралдық параличі (салдануы)

 

1. Балалардың церебралдық параличі (салдануы)

2. Хаттама коды: H-P-005

3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

G80 Балалардағы ми салдануы

G80.1 Спастикалық диплегия

G80.2 Балалар гемиплегиясы

G80.3Дискинетикалық ми салдануы

G80.4 Атаксикалық ми салдануы

G80.9 Балалардағы айқындалмаған ми салдануы

G81 Гемиплегия

G82 Параплегия мен тетраплегия

G83 Басқа салдану синдромдары

4. Анықтамасы: Балалардың церебралдық параличі - туылғанға дейінгі, туу кезінде және ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысқақтық және құрысқақсыз талмалармен қатар келген полиэтиологиялық ауру.

БЦП - қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. (Palmer, Hoon ,1995)

5. Жіктемесі: Л.О.Бадалян (1988) мынандай топтарға бөледі:

Емшек жасындағы БЦП:

1. спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия;

2. дистониялық;

3. гипотониялық түрі.

Ересек жастағы БЦП:

1. спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия;

2. гиперкинетикалық түр;

3. атактикалық түр;

4. атоникалық-астатикалық түр;

5. аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық).

К.А.Семенова сатысы бойынша (1990) төмендегілерді белгілейді:

1. ерте саты (4 айға дейін);

2. бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін);

3. кеш резидуалды (3 жастан кейін).

6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер:

1. дифференциалдық Диагностика;

2. баланың психомоторлық және сөйлеу қабілетінің дамуының кешігуі;

3. қозғалу белсенділігінің нашарлауы;

4. тырыспалар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами