Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(педиатриялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Балалардың жіті миокардиті
1. Балалардың жіті миокардиті
2. Хаттама коды: H-P-010
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I40 жіті миокардит
I09.0 Ревматикалық миокардит
I09.2 Созылмалы ревматикалық перикардит
4. Анықтамасы: Жіті миокардит - миокард ауруы оның негізінде өліттенумен және/немесе миоциттердің дегенерациясымен қабынулық инфильтрация жатыр, ол клиникалық көріністердің ең аздан фатальдыға дейін кең спектрмен көрінеді.
5. Жіктемесі:
Аурудың пайда болу кезеңі:
-Туа біткен: ерте және кеш;
-Жүре пайда болған.
Этиологиялық фактор:
-вирусты;
-вирусты-бактериалды;
-бактериалды;
-паразитарлы;
-саңырауқұлақты;
-аллергиялық;
- идиопатиялық.
Түрі (процестің шоғырланудың басымдығы бойынша):
- миокардит;
- жүректің өткізу жүйесінің зақымдануымен.
Ағымы:
-жіті;
-жітілеу;
-созылмалы.
Кардиттің ауырлығы:
- жеңіл;
-орташа ауырлықты;
-ауыр.
Жүрек жеткіліксіздігінің түрі мен сатысы.
- сол жақ қарыншалы I, IIА, IIБ, III;
- оң жақ қарыншалы I, IIА, IIБ, III;
- тоталды IIБ, III.
Аяқталуы мен асқынуы: - айығу;
-кардиосклероз;
-миокард гипертрофиясы;
-ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары;
-өкпелік гипертензия;
-қақпақшалық аппараттың зақымдалуы;
- констриктивтік миоперикардит
-тромбоэмболиялық синдром
6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Жүрек-қан тамырлық және тыныс алу жеткіліксіздіктері белгілері
2. Жүрек ырғағының бұзылуы бар миокардит
3. Фульминантты және созылмалы ағымды миокардит
7. Диагностика критерилері:
Маңызы үлкен критерийлер:
1. Жүректің жалпы көлемі мен қуыстарының ұлғаюы (клиникалық мәліметтер бойынша обьективтік әдістермен расталған- рентгенография және эхокардиография).
2. Жүрек жеткіліксіздігінің белгілерімен көрінетін және функциялық әдістермен расталған (эхокардиография) миокардтың жиырылғыштығының төмендеуі.
Орта маңызды критерийлер: