Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(терапия саласындағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Пневмония
1. Пневмония
2. Хаттама коды: H-Т-036
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J13 Streptococcus pneumoniae туындатқан пневмония
J14 Haemophilus influenzae туындатқан пневмония
J15 Басқа бөлімдерде жіктелмеген бактериалдық пневмония
J16 Басқа бөлімдерде жіктелмеген, басқа инфекциялық қоздырғыштар туындатқан пневмония
J18 Қоздырушысы анықталмаған пневмония
4. Анықтамасы: Ауруханадан тыс пневмония (АП) - диагностикалық альтернативаның болмауы кезінде, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы және өкпедегі «жаңа» ошақты-инфильтраттық өзгерістердің рентгенологиялық куәлануымен бірге жүретін, ауруханадан тыс жағдайда туындаған жіті инфекциялық ауру. [1-3].
5. Жіктемесі:
Жіктеме негізіне аурудың даму жағдайы және науқастың иммунологиялық статусы кіреді. Ажыратады: Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде туындаған, синонимы: үй, амбулаторлық), Нозокомиальді пневмония (емдеу мекемесінде туындаған, синонимы: госпитальді, ауруханаішілік), Аспирациялық пневмония, Иммунитеттің ауыр тапшылығы бар науқастардағы пневмония (туа біткен иммунтапшылық, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) және орналасуын және асқынулардың болуын анықтау.
Пневмония ағымының ауырлық критерилері:
1) жеңіл ағым - уыттанудың айқын емес симптомдары, дене температурасы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігі мен гемодинамика бұзылулары жоқ, өкпелік инфильтрация 1 сегмент шеңберінде, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л, қосымша аурулар жоқ;
2) Ағымның орташа ауырлық дәрежесі: уыттанудың аздап айқын симптомдары, дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ЧДД 22/мин, ЖЖЖ 100 соққы/мин, асқынулар жоқ;