Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(хирургиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Простатаның қабынбалы аурулары
1. Простатаның қабынбалы аурулары
2. Хаттама коды: H-S-002
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N41.1 Созылмалы простатит
4. Анықтамасы: Созылмалы простатит - қуықасты безінің инфекциялық және іркілу салдарынан болатын қабынуы.
5. Жіктемесі: (Ұлттық Денсаулық Институты, АҚШ):
- Созылмалы бактериялық простатит
- Созылмалы бактериялық емес простатит (созылмалы жамбас астауы ауруы синдромы)
А тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болуы
Б тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болмауы
- Қуықасты безінің симптомсыз қабынуы
- Катаралді, фолликулдық (түйіншіктік).
6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: Шат аймағындағы ауырсыну, дизурия, асқынулар (жыныс қатынасына және ұрықтануға қабілетсіздігі, амбулаторлық емнің нәтижесіздігі).
Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу алдындағы қажетті тексеру шаралары:
ЖНА, микрореакция, флюорография, қуықасты безінің сөлі, қуықасты безіне массаж жасалғаннан кейінгі несептің порциясы, 2-стаканмен сынақ жасау, массаждан кейінгі несепті бактериологиялық тексеру, ПСАг, ПЦР концентрациясы, ИФА, РИФ, ПИФ, спермограмма, гормондық тексеру.
7. Диагностика критерилері:
7.1 шағымдар мен анамнез:
1. Несеп шығарудың жиілеуі, іштің төменгі жағы күйіп ауыруы.
2. Несеп шығарғанда ауырсыну.
3. Несепқуық толық босамаған сияқты сезіну.
4. Шатта, артқы өтісте және оның алдыңғы бөлігінде қысымды сезіну.
5. Атабездердің және жыныс мүшесінің басының ауыруы.
6. Гематоспермия, ауыру сезіммен эякуляция, тез эякуляция.
7. Жыныстық құмартуының төмендеуі, аурудың ұзақ ағымы кезінде жартылай эрекциялық белсіздік.
8. Қызба және жалпы жағдайының қиындауы.
9. Іштің төменгі жағын пальпациялағанда ауырсынудың болуы.
10. Қуықасты безінің пальпациясы кезінде айқын ауыру сезімінің болуы.
7.2 физикалық тексеру:
ректальды тексергенде простата ауырсынады, тыртықты фиброзды аймақтар простатаның қабынуымен жүруі мүмкін