Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 281 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 25 марта 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 июня 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 281 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 458 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген 13-бөлім мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

«57-1. Қазақстан-хорват сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия.»;

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген 14-бөлімде:

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58. Қазақстан-испан экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық аралас комиссиясы.»;

мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:

«59-1. Қазақстан-кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия.»;

«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген 16-бөлімдегі 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Қазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом