Введите номер документа
Прайс-лист

Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген) (2012.14.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 19 марта 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 сентября 2013

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының
аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын
біліктілік талаптары

 

Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген мәлімделген қызметті жүргізу көзделген аумақтың радиологиялық сипаттамасының (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы);

2) пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі қызмет үшін - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың;

3) жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекіткен технологиялық регламентінің;

4) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

5) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;

6) өтініш беруші бекіткен полигон аумағы бойынша қозғалу бағытының;

7) жұмыстар жүргізілген жерде радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, бақылау кестесі, өлшеу құралдары) немесе мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде радиациялық бақылауды жүргізу құқығына арналған заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

8) персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;

9) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом