Введите номер документа
Прайс-лист

«Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 Қаулысы (2021.19.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 3 апреля 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 19 марта 2021

Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 Қаулысы

(2021.19.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2021.19.03. № 159 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ 1972 жылғы 16 маусымда қабылданған (1987 жылғы қазандағы түзетулермен) Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитеттің нормалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетке (бұдан әрі - Комитет) мүше болып кіруі мақұлдансын.

2. Комитеттің Хатшылығымен байланысу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық үйлестіру агенттігі болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Комитетте мүшелігі үшін жарналар төлеуге жыл сайын республикалық бюджетте қажетті бюджет қаражатын көздесін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом