Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 5757 қаулысына
1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу»
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін өтініш білдірген тұлғаларды тіркеу және қажетті құжаттарын көрсеткен жағдайда жұмыссыздарды есепке алу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Ворошилов көшесі 157/2 мекенжайы бойынша орналасқан, сайт www.oskemen.kz «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жұмыссыздық куәлігі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыты бойынша шектеу мерзімдері:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұрау салған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электронды сұрау толтыруға ең ұзақ уақыт - 30-45 минут;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10-15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің № 204, 214 және 212 кабинеттерінде Белинский көшесі, 37 а мекенжайы бойынша; www.oskemen.kz қаланың ресми сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған.