Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 5757 қаулысына
6 қосымша
«Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды
мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін тіркеу»
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгі ережелерінің 2 тарауының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Қасым Қайсенов көшесі, 10-а мекенжайы бойынша орналасқан, www.goroo.ukg.kz сайты, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін тіркеу.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап, электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 15 минут;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің ақпараттық тағандарында, www.goroo.ukg.kz сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде орналастырылған.
10. Жұмыс кестесі: қабылдау күні - бейсенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, телефоны 26-88-83, 26-89-73.