Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 5757 қаулысына
8 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілерді ресімдеу»
1. Негізгі ережелер
1. Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіні ресімдеу - сәйкестендіру құжатын - тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актін беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 13) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Ушанов көшесі, 27, мекенжайында орналасқан, сайт www.oskemen.kz, «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіні беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - екі күннің ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 20 минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің ақпарат тағандарында, www.oskemen.kz қаланың ресми сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет келесі күндер мен сағаттарда көрсетіледі: дүйсенбі, сәрсенбі 9-00 - 18-00 дейін, түскі үзіліс 13-00 - 14-00 дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын-ала жазылмайды, жедел қызмет көрсетілмейді.