Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 2 сәуірдегі
№ 70/4 қаулысымен
бекітілді
Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді
мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық
(2010.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешімді облыстың, қаланың, ауданның коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік органы құзыреті шегінде қабылдайды.
2. Жалға беруші (бұдан әрі - Балансұстаушы) коммуналдық мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ ішкі істердің аумақтық органдарын коммуналдық мемлекеттік мекемелердің баланстарындағы үй-жайларға орналастырудың (ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз) мемлекеттік мекеменің уәкілетті органымен келісуден кейін немесе балансында мүліктік жалға (жалдауға) тапсырылатын объекті бар мемлекеттік мекеменің келісімімен іске асырады. Егер Балансұстаушы Жалға беруші болған жағдайда тиісті келісім талап етілмейді.
3. Жалға берушінің шешімі негізінде мүдделі мемлекеттік мекеме (немесе аумақтық ішкі істер органымен) мен Балансұстаушы арасында коммуналдық қызметтер, ағымдағы және күрделі жөндеулерге арналған аударымдар, ғимаратқа көрсетілетін қызмет үшін төлемдер төлеу тәртібін көздейтін шарт жасалады.