Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 458 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 16 мая 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 сентября 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 458 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Аэронавигация саласында:

әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.»;

9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әуежайлардың қызметтері:

әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;

әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;

жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом