Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 41 қаулысы
(2010.01.03. берілген өзгерістермен)
Сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.01.03. № 24 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Агенттік Басқармасының «Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы №179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №135 (1338) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапты сақтандырушы - зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғамен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;»;
2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, ал мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: