Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 524 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 30 мая 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 524 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібінде:

бүкіл мәтін бойынша «жеке басын куәландыратын құжаттың түрі», «ұсынып отырған құжатына», «жеке басын куәландыратын құжатты», «жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа», «жеке басын куәландыратын құжаттың» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе оралманның куәлігі», «немесе оралманның куәлігіне», «немесе оралманның куәлігін», «немесе оралманның куәлігіне», «немесе оралманның куәлігінің» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың 8) тармақшасындағы «(16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлігі, жеке басының куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі)» деген сөздерден кейін «немесе оралманның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 13 тамыздан бастап күшін жояды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом