Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 3 маусымдағы жедел ақпараты
Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін зерттеу
2008 жылғы мамырда 842 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары зерттелді, оның ішінде 106 - кен өндіру өнеркәсібі (сұралғандардың жалпы санының 12%-ы), 569 (68%) - өңдеу өнеркәсібі және 167 (20%) - электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындары.
2008 жылғы мамырда сұралған кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа азайып, (+8)% (маусымдық факторы есебімен) құрады.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа азайды, ал электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу кәсіпорындарында ол 1 пайыздық тармаққа өсіп, тиісінше (+15)% және (-17%) құрады.
Зерттелген кен өндіру кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы сәуірмен салыстырғанда өзгермей, (+13)% құрады.
Басшылар көпшілігінің бағалауы бойынша жақын арадағы 2-3 айда (2008ж. мамыр - шілде) зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің біршама жоғарылауы күтілуде. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы мамырмен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, (+12)% құрайды.