Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 600 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 20 июня 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 20 июня 2008
Дата последнего измененияпятница, 20 июня 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 600 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:

«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:

«Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:

2-кезеңде: 2008 жыл:

«Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады)» деген абзац «жергілікті бюджеттердің қаражаты» деген сөздерден кейін «және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тетікте:

бірінші абзацта:

«компаниялар жүргізіп отырған» деген сөздерден кейін «үлескерлердің қатысуы бар» деген сөздермен толықтырылсын;

«жергілікті бюджеттердің қаражаты» деген сөздерден кейін «және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері» деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:

«20-1.

Астана

қаласындағы

уәкілетті

ұйымды

республи-

калық

бюджеттен берілетін

нысаналы

даму

трансферт-

тері

есебінен

капиталдан-

дыру

жөнінде

шаралар

қабылдау

Қазақстан

Республи-

касы

Үкіметінің

қаулысы

 

ИСМ, ЭБЖМ,

Әділетмині,

Қаржымині,

Астана қаласының

әкімі

2008 жылғы

маусым-

желтоқсан

17,2

млрд.

теңге

Респуб-

ликалық

бюджет

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом