Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 235 Өкімі
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, |
| Андре Калантзопулос | - «Филлип Моррис Интернэшнл, Инк.» компаниясының президенті және бас лауазымды тұлғасы, |
| Булыгин Александр Станиславович | - «Русский алюминий» бірлескен компаниясының бас директоры, |
| Джеймс Малва | - «КонокоФиллипс» компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры, |
| Ив-Луи Дарикарэр | - «Тоталь Групп» компаниясының атқарушы вице-президенті, Атқарушы комитетінің мүшесі, «Тоталь Экплорейшен және Продакшн» бөлімшесінің президенті, |
| Йерун ван дер Вир | - «Royal Dutch Shell Plc» компаниясының бас атқарушы директоры, |
мына:
| «Кайларс Франсиско | - «АБН АМРО Банк НВ» басқарушы директоры», |
| «Фрэнк Чапмэн | - «Би Джи Груп» компаниясының атқарушы директоры», |
| «Александр Антонович Машкевич | - «Eurasian Natural Resources Corporation PLS» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы», |
| «Хитч Джеймс | - «Бейкер и МакКензи ТМД Лтд.» компаниясының басқарушы серіктесі, |