«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 103 Бұйрығы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, № 10, 283 құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
1-тармақта «кодексіне» деген сөз «және Су кодекстеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.»;