«Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 227 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен күші жойыды
Ұшулар тұрақтылығын есепке алуды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1.»«Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4706 нөмірімен тіркелген «Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 87 бұйрығымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2673 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі № 102 (1305) «Юридическая газета» газетінде, 2007 жылғы 13 қазандағы № 41 (355) «Официальная газета» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 139)-151) анықтамалармен толықтырылсын:
«139) авиакомпанияның коды - ақпаратты қалыптастыру, беру және сақтау жүйелерінде авиа тасымалдаушыны сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын белгілердің тіркесі (әріп-әріп, цифр-әріп, әріп-цифр);