«Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының
№ 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 маусымдағы № 5 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «2006-2008 жылдарға Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту Бағдарламасын бекіту жөніндегі» № 553 қаулысына, Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 қаңтардағы кезектен тыс төртінші сессиясының «2008-2010 жылдардағы Петропавл қаласындағы тұрғын үй - коммуналдық саладағы Бағдарлама туралы» № 6 шешіміне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының «Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы» № 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
3-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын: