Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 766 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
2008 - 2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 84-жолда:
«8831433», «291572» деген сандар тиісінше «10831433», «2291572» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:
«3524122» деген сандар «5524122» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламадан тыс» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 332-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені»;
7-бағанда «4406323» деген сандар «2230282» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 333-жолда:
5-бағанда «186210» деген сандар «229240» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда «17301» деген сандар «60331» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 338-1, 338-2-жолдармен толықтырылсын:
| «338-1 | Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу | ПІБ | 2008 | 82120 | | 82120 | | | |
| 338-2 | Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісі | ПІБ | 2008 | 50891 | | 50891 | | | »; |
«Бағдарламалардан тыс жиыны» деген жолда:
«161190654» деген сандар «159057643» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
13 «Басқалары» функциональдық тобында:
694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген әкімші бойынша:
008 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту» деген бағдарлама бойынша:
«Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында № 31 және № 35 көшелер ауданында көп бейінді емханасы бар диагностикалық орталық» деген жолда:
«Астана қаласында № 31 және № 35 көшелер ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында көп бейінді емханасы бар диагностикалық орталық» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені»;
«4406323» деген сандар «2230282» деген сандармен ауыстырылсын;
«30000 көрерменге арналған жабық стадион салу» деген жолда:
«291572» деген сандар «2291572» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай ауылы Кенесары көшесіндегі табиғат мұражайы аумағында келу-орталығын салу» деген жолда:
«17301» деген сандар «60331» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған
қазандықты жобалау және салу 82120
Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің
аумағындағы су құбыры желісі 50891»;
3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 418-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
5) тармақшадағы «Астана қаласында № 31 және № 35 көшелері ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында көп салалы клиникасымен диагностикалық орталық» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешені» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісі;
17) Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу»;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
«Астана қаласында № 31 және № 35 көшелер ауданында Есіл өзенінің сол жағалауында кеп салалы клиникасымен диагностикалық орталықты» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының клиникалық-сауықтыру кешенін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«316 пәтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «, Астана қаласының Тельман кентінде тапсырыс берушінің аумағындағы су құбыры желісін» деген сөздермен толықтырылсын;
«Щучинск-Бурабай» курорттық аймағындағы (Щучье, Бурабай, Қарасу көлдері) су айдындарын тазарту» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу» деген сөздерден кейін «, Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |