Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 65 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4764 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 49 қаулысымен енгізілген өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
11-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«DJ EURO STOXX 50 Е (SX5E) - 30 (отыз) пайыз»;
жетінші абзацта «және тәуекел» деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақта:
«құрамы инвестордың мүдделерімен айқындалатын бағалы қағаздар» деген сөздер «стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаржы компаниялары» деген сөздерден кейін «, не Ұлттық Банк» деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақта «30 (отыз)» деген цифр және сөз «50 (елу)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
47-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: