Ақтау қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 825 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақылар тағайындау»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
Жәрдемақыны тағайындау отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда төленеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағына, 5, 9-баптарына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» № 1092 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет «Ақтау қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім), Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 18 ғимарат, 202 кабинет.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
1) 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны тағайындау не болмаса тағайындаудан бас тарту туралы шешімі;
2) алушылардың жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлемі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын оралмандарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) өтініш берген кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 күн;