Павлодар облысы Павлодар ауылы әкімінің 2009 жылғы 8 маусыдағы № 13 шешімімен күші жойылды
Павлодар ауылы әкімінің
2008 жылғы 14 мамырдағы
№ 12 шешімімен бекітілген
2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Қосалқы шаруашылық туралы анықтама
(2008.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы қағидалар
1. Тап осы стандарт ауыл тұрғындарға қосалқы шаруашылық туралы аңықтама беру тәптібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны бөлшектеніп томаттандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2005 жылдың 8 шілдеден № 66-ІІІ Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, 2001 жылдың 23 қаңтардан № 148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 35 бабы, 2007 жылғы 30 маусымнан № 561 «Жеке және құқықты тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтердін тізілімін бекіту туралы (2007 жылғы 18 қыркүйегіндегі жағдайына қосымшалары және өзгерістерімен)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлеккеттік қызметі Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4 үйде мекенжайында орналасқан «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қосалқы шаруашылық туралы анықтама.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және құқықты тұлғаларға, Павлодар ауылының аймағында тіркелген ауыл шаруашылық мал иесілеріне көрсетіледі (әрі қарай - тұтынушы).
7. лекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша мерзімнің шектелуі:
1) пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен ( тіркеу сәтінен, талон алу және т.б.): 20 -30 минутка дейін.
2) кажетті құжаттарды тапсыру кезінде (тіркеукезінде, талон алу және т.б.) кезекте күту ең мүмкін уақыт: 20 минуттан аспайды.
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде, файлдың ең мүмкін көлемі, кезекте күту ең мүмкін уақыт: 10 минут дейін.
Мемлекеттік қызмет тегін қөрсетіледі.