Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1281 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 26 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 сентября 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы  № 1281  қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:

концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарын пайдалануға беру.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Аэронавигация саласында:

1) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

2) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.МӘСІМОВ

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом