Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1234 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 24 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 февраля 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1234 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

2-тармақтағы «мониторингінің» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - бағалар мониторингі)» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары:

1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын шикі мұнайға ренттік салық салуға жататын шикі мұнайды әкетуге қатысты қолданылмайды.».

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом