«Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 Нормативтік қаулысы
ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабына ескертпелердің 5-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайларда олар сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып табылады.»;
2) 3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚК 307-бабына ескертпелердің 1-4-тармақтарында көрсетілген адам сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі болып табылуы мүмкін.»;
екінші абзацтағы «лауазымды» деген сөз алып тасталып, «Соттар» деген сөзден кейін «жоғарыда» деген сөз жазылсын;
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісін анықтаған кезде оның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға не оған теңестірілген лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын тұлға болып табылатыны ҚК 307-бабына ескерпелердің 1-4-тармақтарында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3-бабында белгіленген нормалардан туындауы қажет.»;
4) 5-тармақта: