«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбішев Ғалым Михайлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;
Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;
Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
Ашықбаев Ержан Нығматоллаұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы;
көрсетілген құрамнан Әлмәмбетов Әлімжан Әмірханұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |