Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 169 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 17 февраля 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 апреля 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 169 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде:

реттік нөмірлері 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-жолдар алынып тасталсын;

ескертпедегі «****** 2009 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом