Введите номер документа
Прайс-лист

«Аяқталмаған құрылыс объектісін және кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 300 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 13 марта 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Аяқталмаған құрылыс объектісін және кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 300 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімінің:

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміндегі Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 128/2 мекен-жайын орналасқан «Халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені» аяқталмаған құрылыс объектісін;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Орталық стадион» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде;

3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Биік таудағы «Медеу» спорт кешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 2-бөлімде:

реттік нөмірлері 15-1, 15-2-жолдар алып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом