Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 каулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 394 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына:
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша мыналар енгізілсін:
| Кемалов Сайфолла Насырұлы | - Атырау облысы әкімінің орынбасары; |
| Мұхсанов Әбілқайыр Мұтиұлы | - «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау филиалының директоры (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Тасыбаев Манас Мұхитұлы, Бокова Елена Борисовна шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |