«Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы
нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына
және «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 5 наурыздағы № 21 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 1987 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылы жарияланған № 41-42, 721-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 4064 тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 3 ақпанда жарияланған № 18-19 (998-999):